ӘР-РИЯД. Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі ханзада Сауд Әл-Файсал Ирақтағы қантөгісті “азамат соғысы” деп бағалаған Таяу Шығыс аймағындағы екінші саясаткер болды. Кеше Ханзада Әл-Файсал “Ирақта азамат соғысы жүріп жатыр және бұл соғыс бүкіл аймаққа апат қаупін төндіріп тұр”, -деп мәлімдеді. Сенбі күні Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк та дәл осындай мәлімдеме жасады. “Ирақ – азамат соғысының табалдырығында тұрған жоқ, соғыс кең өріс алды. Ахуал тым ауыр... Ирақтың енді қалай бірігетінін мен білмеймін. Ел толық ыдыраған сияқты”, -деп атап көрсетті Мысыр лидері. Х.Мүбәрәктің бұл пікіріне Ирақ үкіметі наразылық білдірді.