Accessibility links

Үнді басшылығымен келіссөзінде Х.Қарзай Ауғанстанды қалпына келтіру проблемаларына ден қояды.


ДЕЛИ. 3 күндік сапармен кеше Делиге келген Ауғанстан президенті Х.Қарзай бүгін үнді премьер-министрі Манмохан Сингхпен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен аймақтық даму проблемаларын талқылауға тиіс. Ауған өкілдерінің хабарлауынша, сапары барысында Х.Қарзай үнді жағымен келіссөздерінде аймақтың дамуы, лаңкестікке қарсы күрес және соғыстан құлдыраған Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелеріне ден қоймақшы. Үндістан – Ауғанстанға көмек көрсетіп отырған 6 елдің бірі.
XS
SM
MD
LG