Өткен наурыз айының 18-інде оппозиция өкілдерінің Алматыда өткізген рұқсат етілген митингісінде қабылдаған қарарында басқа да бірқатар талаптарымен бірге Алматыдағы Достық даңғылына Заманбек Нұрқаділовтің, Фурманов даңғылына Алтынбек Сәрсенбайұлының, ал Мате Залка көшесіне Асхат Шәріпжанның есімдерін беру туралы ұсыныстарын жариялаған болатын. Сол митингіде қабылданған ұсыныстарға билік бір ай ішінде жауап беруі керек болатын дейді «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының директоры Бақытжан Төреғожина.
«Билік, әдеттегідей, бұл жолы да үнсіздікпен құтылмақшы болып отыр. Олар «халық улап-шулап басыладыға» салғысы келіп отыр. Біз сондықтан сол ұсыныстарымызды заңдастырып, қоғамдық қор атынан ресми хат түрінде тағы жазып отырмыз. Бұрын тек митингінің қарары болса, енді қоғамдық ұйым атынан деп жазып отырған бұл хатымызды президенттің атынан бастап, парламент, Алматы қаласының мәслихаты, әкімге – бәрінің атына жолдап отырмыз. Бұл хатымызды олардың барлығының алғаны туралы ресми тіркеттік. Енді жауап күтеміз», - дейді Бақытжан Төреғожина.
Сондай-ақ Бақытжан ханым бұл хатта өздерінің билікке «Митингі мен шерулер өткізу туралы» заңдық күші бар құжат Конституцияға сәйкес келмейтіндігін атап көрсетіп отырғандарын айтады. Ол құжатта митингі мен шерулер қала әкімінің рұқсаты бойынша, тек әкімшілік рұқсат берген жерде ғана өткізілетіні жазылған. Ал Конституция бойынша митингі туралы арнайы рұқсат алмай-ақ, ол туралы алдын ала билікті құлақтандырса болады деп жазылған.
«ЕҚЫҰ-на төрағалыққа ұмтылып отырған Қазақстан бұл заңды да халықаралық нормаларға сәйкестендіруге міндетті. Бұл хаттағы жазылған ұсыныстар туралы Алматы қалалық әкімшілігінің тиісті басшыларынан түсініктеме алу әрекетімен қанша байланысқа шыққанымызбен алған жауабымыз: ол кісі анда-мында шығып кетті, әні-міне хабарласыңыз деген сырғытпалар болды», - дейді «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының директоры Бақытжан Төреғожина.
Төреғожина ханым өздерінің бұл шарасынан қандай да бір нәтиже шығады деп сенбейтінін де айтып отыр.
«Әрине, билік қала көшелерінің атын өзгертуге бармайды. Бірақ, бұл мәселе жайлы қоғамда әңгіме болса, бәлкім, парламентте көтерілсе... сол арқылы қоғамдық ой-санаға түрткі болса деген үміт қана», - дейді ол.
«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қоры 1999 жылдары оппозициялық бағыттағы Республикалық халықтық партиясы аясында құрылған қоғамдық ұйым. Ресми тіркеуден сол жылдары өткен. Республика көлемінде әртүрлі айтарлықтай нәтиже бермеген бастамалардың ұйытқысы болған.