Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жафари үкімет басшылығына ұсынылған кандидатурасынан бас тартуы мүмкін. Әл-Жафари бейсенбі күнгі хатында егер шииттер одағы үкімет басшысы қызметіне басқа бір “лайықты кандидатураны” ұсыну мәселесін қарастырса, қызметімнен кетемін деген. Шииттер Одағы бұл мәселеге орай жиналыс өткізбекші. Әл-Жафаридің үкімет басы болуына күрдтер мен сунниттер қарсы. Ирақ парламентінің жаңа үкімет құруды талқылау жөніндегі жиналысы сенбіге қалдырылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV