Accessibility links

Мәскеуде екі тәжік азаматын шабуылшылар пышақтап кеткен


Жексенбі күні болған бұл оқиға кесірінен ауруханаға бара жатқан жолда олардың бірі қаза болды. Екінші тәжік азаматына дәрігерлік көмек көрсетілуде. Содан бір күн бұрын Мәскеуде бір армян азаматы күтпеген шабуылдан қаза болған еді. Өткен айларда Ресейде нәсілшілдік бағыттағы мұндай бірнеше кісі өлтіру орын алды.
XS
SM
MD
LG