Accessibility links

А.Ларижани: Егер Иранға қарсы санкциялар енгізілсе, Техран МАГАТЭ-мен байланысын тоқтататын болады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қатысты қажетті шараларды қабылдамаса, халықаралық қауымдастықтың сенімін жоғалтады деп санайды. Бүгін Иранның ядролық мәселелер бойынша келіссөздер өкілі Али Ларижани егер өз еліне қарсы санкциялар енгізілсе, Техран БҰҰ-ның Атом энергетикасы жөніндегі агенттігімен байланысын тоқтататын болады деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, егер өз еліне сыртқы күштерден әскери шабуыл болатын болса, Иран ядролық бағдарламасы бойынша ашық ыттымақтастығын тоқтатады деп айтқан.

“Егер сіз бізге қауіп төндірсеңіз, одан соң сіз біздің МАГАТЭ-мен байланысымызды бұрынғыдай болады деп күтпеңіз. Егер сіз бізге қарсы әскери әрекет қолдансаңыз, сіз біздің сіздермен ашық болмайтынымызды білуіңіз керек”, - деген ол.

Ларижанидың бұл ескертулері 28-сәуірге белгіленген БҰҰ Иранның уран байытуын тоқтатуын талап еткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы алдында жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG