Accessibility links

Мысырдағы жарылыстан 23 адам қаза болды


Мысырдың Дахаб қаласы маңындағы Синай жағалауында болған үш жарылыстан қаза болғандар саны 23-ке жетті, оның үшеуі шетелдік деп хабарлады. 60-тан аса адам жарақат алған. Жараланғандардың ішінде дания, британия, италия, германия, франция, оңтүстік корея, ливан, америка, израйл және палестина азаматтары бар. Үш жарылыс дүйсенбі күні саяхатшылар маусымы қызып тұрған теңіз жағажайында болған еді. Оған жауапкершілікті әлі ешкім алған жоқ. Әлем елдері Мысырдың курортты қаласы Дахабтағы бомба жарылыстарын сынға алды. Қаза болған үш шетелдіктің бірі Ресей азаматы. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Михайл Камынин:

“Біз кеше Мысырда болған террорлық актіні айыптаймыз. Біз сондай-ақ, құрбан болғандардың отбасына көңіл айтамыз және бұл шабуылдан зардап шеккендерге қолдау танытамыз. Ресейдің Мысырдағы өкілдігі террорлық шабуыл кезінде жапа шеккен ресейліктерге көмектесу үшін барлық шараларды қарастырып жатыр”, - деді.
XS
SM
MD
LG