КИЕВ. Украина соты 26-ншы наурызда болып өткен парламент сайлауында берілген дауыстарды қайта есептеу туралы Жоғарғы Радаға өтпей қалған шағын партиялардың арызын қанағаттандырмай қайтарды. Жоғарғы әкімшілік сот сайлауда берілген дауыстар дұрыс есептелмеді деуге ешқандай негіз жоқ деп тапты. Орталық сайлау комиссиясының пайдасына қарай қабылданған бұл шешім – ең ақырғы және қайта қарауға жатпайды. Енді парламент сайлауының ресми қорытындысын жариялауға жол ашылды және жаңа сайланған Рада депутаттары келесі айда жұмысқа кірісе алады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV