КАТМАНДУ. Кеше Непал патшасы Гьянендра оппозицияның ұйымдастыруымен бірнеше апта бойы жалғасқан наразылық шеруінен кейін елдің жаңа премьер-министрін бекітті. Гириджа Прасад Коирала - өзінің саяси қызметінде осымен бесінші рет үкімет басына отыратын болды. Гьянендра патша елде демократияны қайта қалпына келтіруге келіскен соң, үкімет басына оны Непалдың саяси партиялары ұсынды. Сондай-ақ осы күні үкімет күштеріне қарсы шайқасып жүрген маоист көтерілісшілер өз жағынан күресті 3 айға доғаратынын хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?