БРЮССЕЛЬ. Еуропа Одағы Беларусь үкіметін Минскі қаласындағы рұқсат берілмеген наразылық шарасына шыққаны үшін қамалған оппозиция лидерлерін дереу босатуға шақырды. Кеше Еуроодақтың сыртқы қарым-қатынастары бойынша арнаулы өкілі Бенита Ферреро-Вальднер ханым наразылық шеруіне шыққандар ресми билікке қарсы тұрғаны үшін ұсталғанын атап көрсетті. Брюссельде Еурокомиссиясының өкілі Эмма Удвин: “Біз бұл жайтты мұқият қадағалап отырмыз. Біз шеруге шыққан немесе тағы басқа саяси шараға қатысқаны үшін ғана қамауға алуға қарсымыз”, деп мәлімдеді. Ресми Минскінің әрекетін Вашингтон да сынға алды. Кеше Беларусь үкіметі оппозицияның А.Милинкевич бастаған бір топ лидерін 15 тәуліктік қамауға кесті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды