Accessibility links

Қырғызстанда билікке қарсы шерулер болды


Бүгін Бішкекте мыңдаған адам Алатау алаңына шығып, Қырғызстан саясатындағы қылмыстық-жемқорлықты жойып, конституциялық реформалар жүргізілуін талап еткен шеру өткізді. Кейбір шерушілер президент Құрманбек Бакиев орнынан кетсін деп ұрандаған. Тағы басқалары оның билігін азайтатын конституциялық реформалар жүргізуге шақырған. Бұл шеруді 50 шақты оппозициялық партия мен үкіметтік емес ұйымдардың Демократиялық күштер Одағы бастады. Оппозиция жетекшілерінің бірі Қубатбек Байболав үкіметті халықтың үмітін ақтамай отыр деп айыптады. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев шерушілердің алдына шығып, “халық үшін жұмысымызды жалғастыра береміз”деп сөз берген. Хабарларға қарағанда, шеруге 10 мыңдай адам шыққан. Тәртіп сақтауға 3 мыңға жуық полиция тартылды.
XS
SM
MD
LG