Accessibility links

Бүгін президент Махмуд Ахмединежад Иран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайды деп тағы да айтты


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иран уран байытуды тоқтатсын деген талабына қарамастан, ресми Техран оны жалғастыратыны жөнінде тағы да мәлімдеді. Бірақ, Иранның ядролық мекемесі басшысының орынбасары Мохаммад Саиди, егер Қауіпсіздік Кеңесінен өзінің ядролық бағдарламасы МАГАТЭ-ге қайтарылатын болса, Иран Атом Энергетикасы жөніндегі агенттіктің сарапшыларын өз ядролық нысандарына жіберетін болады деп айтқан. Кеше МАГАТЭ Қауіпсіздік Кеңесіне Иран 28-ші сәуірге дейін уран байытуды тоқтатсын деген талапты орындамай отыр деп есеп берген. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері Техранға санкция салу керек пе жоқ па деген мәселеде бір мәмілеге келген жоқ.
XS
SM
MD
LG