26-шы көкекте Брюссельде өткен Еуропарламент отырысына жіберілмеген оппозиция көсемдерінің бірі Ғалымжан Жақиянов билік осы әрекеті арқылы өзінің еркін жүріп-тұруына кедергі келтіріп, Конституциялық құқығын шектеді деп бағалап, шекара қызметі мен ішкі істер қызметкерлерінің әрекетіне Алматыдағы Медеу аудандық сотына шағымданып отыр. Осы шағым бойынша 2-ші мамырда басталған сот ісі шекарашылардың келмеуі себепті жұмаға қалдырылды. Жақиянов мырза бұл әрекеттің астарында да саясат жатқанын айтып, билік Алматыдан оны ешқайда жібергісі келмей отыр деп санайды.
«Бұл мәселенің дәл бүгін шешілуінің себебі, мына, осы айдың бесі-алтыларында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни мырзаның біздің елге келуі жоспарланып отыр. Соған байланысты мен оппозицияның бірқатар өкілдерінің ішінде сол кездесуге шақырылып отырмын. Ол кездесу Астанада мамырдың алтысында өтеді. Сол кездесуге мен өз тарапымнан құжаттарды дайындап берген болатынмын. Бұл мәселе тағы да шешімін таппай отыр. Өйткені, бұл мәселе осы сотқа тіреліп отыр. Мені бүгін мыналар (билік) Алматыдан сыртқа шығаруға бөгет жасап отыр», - дейді Ғ.Жақиянов.
Медеу аудандық сотында дәл сол күні бесінші рет қаралып отырған екінші бір сот ісі – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы офицері Арат Нарманбетовтың үстінен республика сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ел президентінің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің берген шағым-арызы бойынша өтіп жатыр. Соттың өткен отырысында қорғанушы жақ сот жүргізушісі судья Низамеддинованы ауыстыру туралы шағым түсірген болатын. Оның себебін А.Нарманбетов мырза былай деп түсіндіреді:
«Соттың біржақты бағыт алып бара жатқаны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Айыптаушы жақтың қажет деп тапқан куәларын сот шақырады да, біздің қажет деген куәларымызды сот шақырмай отыр. Мысалы, Дүтбаевты екі рет шақырдық, Дариға Назарбаеваны, Рахат Әлиевті куә ретінде шақыруды сұраған өтінішімізді сот ескермеді де. Сондықтан судьяны ауыстыру туралы шағым түсірдік».
Ал, айыптаушы жақтың өкілі Любовь Балмаганбетова соттың қалай өтіп жатқанына қандай да баға беруге әлі ерте дейді. 2-ші мамыр күні соттың төрағасы Сапарбаев мырза ол шағымды қарап, оны қанағаттандырмау туралы шешімін жариялады. Сонымен сот бұрынғы судья Низаметдинова ханымның басшылығымен жалғаспақшы.
Бұл сот дауына, биылғы жылғы ақпан айында Алматы маңында, жанындағы екі серігімен бірге белгісіз қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан қазақстандық оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты Арат Нарманбетовтың елдегі оппозициялық басылымда білдірген пікірі түрткі болған еді. Онда Арат мырза бұл өлімге Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің қатысы болуы мүмкін деген жорамалды айтқан еді. Кейіннен Интернеттегі кейбір сайттар мен бірқатар басылымдарда осы қазаға қатысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Дүтбаев президент Назарбаевқа баяндағанда ол қылмысқа президент туыстарының қатысы болғаны туралы мәлімет берген деген ақпарат жарияланды. Бұл мәліметті елдегі басылымдардың бірінде жарық көрген мақаласында президенттің үлкен қызы, парламент мүшесі Дариға Назарбаева да жазды. Алайда, оппозиция қайраткерінің қазасынна соң дереу қызметінен кеткен Н.Дүтбаев ол сөзді жоққа шығарды. Ал Дариғаның күйеуі Рахат Әлиев болса өзіне жала жапты деп Арат Нарманбетовпен соттасып жатыр.