Accessibility links

Құқық қорғаушы топтар Орта Азия елдерінде қамауда отырған үш ұйғырдың тағдырына алаңдап, олардың Қытайға қайтарылуына қарсы


Қытайдың ұйғыр саяси диссиденті Хусейн Желил Өзбекстанда қамауда қалып отыр. Канада азаматы Желил Қытайдың сұрауымен наурыз айында Ташкенде ұсталған болатын. Адам құқығын қорғаушы топтар, егер Желил Қытайға қайтарылатын болса, оны азаптап өлтіруі мүмкін деп қорқады. Сонымен қатар, дәл осы тұста екі ұйғыр азаматы Қазақстанда қамауда отыр. Бақылаушылардың айтуынша, ұйғырлар Қытай мен Орта Азия елдері режимінің арасындағы ынтымақтастықтың құрбаны болып отыр.

Қытайдың солтүстік-батысының этникалық ұйғыры, 37 жастағы Хусейн Желил 27-ші наурызда Ташкенде қамауға алынды. Желил өзінің әйелі және үш баласын ертіп, Ташкендегі қайын жұртына барған болатын. Ол өзбек визасын создыруға сұраныс бергенде ұсталған. Желилдың әйелі Комила Телиндыбаева, Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі күйеуін ұстап қалғаннан кейін оны көруге тырысқан әрекетінен түк шықпаған соң, Канаданың шығысындағы Хамилтондағы үйіне оралған. Оның айтуынша, әлі де Желилға қарсы нақты ешқандай айыптар тағылмаған.

“Олар, өзбек билігі, ештеңе айтпады. Біз олардан ештеңе естімедік. Олар алда не істейтін туралы да айтпады. Канадалық консул оларға телефон соққанда да олар ештеңе айтпады”, - дейді Комила.

2001 жылы Канададан босқын мәртебесін алардың алдында Желил, Қытайдың Ұйғыр Автономиясындағы ұйғырлардың құқы үшін күресіп, саяси белсенділік танытқаны үшін қамауға алынып, түрлі азаптауға душар болған. 1996 жылы Желил Қырғызстанға қашып келгенде бұл жерде де Қытайдың сұрауымен 9 ай түрмеде отырды. Оның әйелі Телиндыбаеваның сөзіне қарағанда, Желил Қырғызстандағы абақтыдан босаған соң, Түркия арқылы Канадаға жетеді. Оның айтуынша, Желил Қытайдан қашып шыққан соң ешқандай да саяси әрекетпен айналыспаған.

Құқық қорғаушы топтар мен тағы басқа 12 үкіметтік емес ұйым егер Желил Қытайға қайтарылатын болса, оны ол елде өлім жазасы күтіп тұр деп, оның тағдырына алаңдаушылық танытты. Олар Канада премьер-министрі Стефен Харпердың атына хат жолдап, бұл іске оның тікелей араласуын сұраған. Бұл тұрғыда Торонтодан Амнести ұйымының халықаралық ақпарат өкілі Бетц Бертон Хантер «Азаттық» радиосына былай деп айтқан:

“Бұл біздің үлкен алаңдаушылығымыз әрі сол себепті біз Канада үкіметінің Желилдың тағдырына Канада азаматы ретінде араласуын және оның босатылып, Канадаға қайтарылатынына кепіл болуын сұрадық”.

Мәскеудегі Канада елшілігінен Бетц Ричардсон сәуірдің 27-ісінде мәлімдегендей, елшілік бұл мәселеге байланысты Өзбекстан елшілігімен байланысқан. Ричардсонның сөзіне қарағанда, Канада елшілігінің Ташкендегі өкілі Желилмен кездескен, бірақ ол өкіл Желилдың қазіргі жағдайы туралы айтудан бас тартқан.

«Бәлкім, ол Ташкент пен Оттава келіссөздерін жүргізуді қарастырып жатқан болар», - дейді Ричардсон.

Канада үкіметі Желилдың бостандыққа шығуы үшін өздерінің қолдан келген барлық мүмкіндіктер мен дипломатиялық жолдарды қарастырып жатқанын айтады. Премьер-министр Харпер өзінің парламенттегі хатшысы Жэйсон Кеннейге бұл мәселемен тікелей айналысуды тапсырған. Желилдың әйелі Телиндыбаеваның өткен аптада берген баспасөз мәслихатынан кейін, Кенней Өзбек билігінің ешқандай түсінік берместен, Желилды тұтқындауы жанжалды жағдай болды деген. Оның айтуынша, Оттава Желилдың тағдыры үшін барлық жағдайды қарастырады және оқиғаның заңды шешілуіне күш салады.

Бұл арада екі ұйғыр азаматы да Қазақстанда қамауда отыр. 35 жасар Юсуф Қадыр Тохти мен 30 жастағы Абдуқадыр Сыдық екеуі де Қытайдағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиясынан. Олар өткен айда Қазақстанда ұсталып, қамалған. Ұйғыр жігіті Тохти 1996 жылдан бері тұрған және діни дәріс беруші болған. Қытайда оны сепаратизмді насихаттап жүр деп айыптаған. Ал, Сыдық 1999 жылы Бейжиннің отбасындағы балалар санын шектеу туралы азшылдық саясатына қарсы наразылықтар ашық болған соң, Шынжаң Ұйғыр Автономиясынан қашып шыққан.

Амнести Интернэшнл ұйымының өкілі Бертон Хантердің айтуынша, ол үш ұйғыр жігіті де Қытайдың өз еліне қайтару, яғни экстрадиция келісімі бойынша қамауға алынған.

“Мұнда нақты Қытай мен Орта Азия елдерінің арасында келісім бар. Олар сол келісімге сәйкес, адамдарды Қытайға қайтарады. Бұл жердегі бар мәселе, біз баяғыдан бері білетіндей, Қытай қуғынындағы жағдай”.

Қытай билігі түркі тілді мұсылман ұйғырларды Қытайдың солтүстік-батысында исламшыл сепаратизмды ұстанған “Шығыс Түркістан” тәуелсіз мемлекетін құрып алмақшы деп айыптайды. Швециядағы Әлем ұйғырлары Конгресінің өкілі Дильшод Рашидтің пікірінше, ұйғырлар Қытай мен Орта Азия елдерінің ынтымақтастығы арасында құрбан болып келеді.

“Бүкіл әлем елдері Әндіжан оқиғасынан кейін Өзбекстанға саяси және дипломатиялық қысымдар жасағанда, Өзбек президенті Ислам Каримов Бейжинде болды. Бұл екі диктаторлық елдің арасындағы ынтымақтастықты көрсету болды. Ол ынтымақтастықтың бір көрінісі - Өзбекстанда ұйғырлар мен тіпті, демократияшыл өзбектер де қуғындалып, түрмеге жабылды. Шығыс Түркістанның азаттығы үшін күрескен адамдар ұсталды. Және оларды Бейжинге қайтару - олардың ынтымақтастығының тағы бір сипаты”, - дейді ол.

Құқық қорғаушы топтар Орта Азия елдерінде қамауда отырған бұл үш ұйғырдың тағдырына алаңдап, олардың Қытайға қайтарылуына қарсы болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG