Accessibility links

Өзбек ғалымы “Акрамия” философиясын мемлекетке төнген қатер деп мәлімдейді


Бахтиор Бободжонов – Ташкенттегі Шығыстану институтының исламтанушы ғалымы. 2-нші мамыр күні ол Вашингтонға келіп, Карнеги қорында жиналған жұртпен Өзбекстандағы “Акрамия” қозғалысы туралы пікір алмасты. “Әндіжан қырғыны” ісін қараған сот процесінің біріне көп білетін куәгер ретінде шақырылған Бахтиор Бободжонов “Акрамия” уағыздамасын Өзбекстан сынды “зайырлы мемлекетке” айтарлықтай қатер төндіреді деп айыптады. Бұл әңгіменің әсіресе қызықтырған себебі: Бободжонов - “Акрамия” қозғалысын құрған Акрам Юлдашевпен түрмеде отырған жерінде тілдескен жалғыз ғалым болып табылады. Әдетте, сырттан тірі жан кіре алмайтын үкімет түрмесіне Бободжоновтың қалай жол тауып кіре алуының қыр-сыры ешқашан айтылған емес. Оппозицияның кейбір тобы ресми Ташкенттің “Акрамияны” қатер деп санайтын көзқарасын қолдағаны үшін ғана Бободжоновқа түрмеге кіруіне жол берілді деп күдіктенеді.

“Акрамия” қозғалысын құрған Акрам Юлдошев – шетелдік бақылаушылар үшін аса жұмбақ тұлға болып қала береді. 2-нші мамыр күні Вашингтонда Бахтиор Бободжоновпен әңгімелесуге келгендер үшін А.Юлдашев туралы аз да болса нақты мәлімет алатын көптен күткен мүмкіндік болды. Бұл – Юлдошевтің түрмеге жабылуы қандай құпия болса, ол отырған түрмеге Бободжоновтың қалай кіргені де дәл сондай жұмбақ болып қала беруіне қарамастан, жақсы мүмкіндік болды.

Акрам Юлдошевты ресми Ташкент “аса қауіпті қылмыскер” әрі “көтерілістің көсемі” деп санайды және ол отырған түрмеге санаулы адам, оның ішінде ресми билік толық сенетін кісі ғана кіре алады. Бахтиор Бободжоновтың айтуынша, Юлдошев 1963-інші жылы Әндіжанда туған. Жергілікті мақта шаруашылығы Институтында оқып жүрген күнінде Акрам Хизб-ут-Таһрир ұйымының Өзбекстандағы ең алғашқы үйірмесінің лидері болған өзі сияқты студентке кезігеді. Хизб-ут-Таһрир ұйымының өкілдері оны “бейбіт қозғалыс” деп мәлімдесе, Орта Азия елдерінің ресми биліктері оны “экстремистік топ” деп санайды.

Бободжоновтың сөзіне қарағанда, А.Юлдошев оның Өзбекстандағы үйірмесіне 1991-інші жылы қосылып, бірақ 1 жылдан сәл асқанда ол, кейін “Акрамия” деген атауымен кең танылған, өз ұйымын құрады.

1993 және 1999-ыншы жылдары Юлдошев “астыртын ұйым құрды” деген күдікпен екі рет тұтқындалды. Қазір Акрам түрмеде. Бірақ, ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, абақтыда отырып-ақ ол “Акрамияға” жетекшілік ете берді. “Әндіжан қырғынын” тергеу үшін құрылған “тәжірибелі комиссия” дегенге мүше болуының арқасында Бахтиор Бободжонов Юлдошев жазған мақалаларды ғана емес, “Акрамия” ұйымының мүшелері түсірген болса керек, “Әндіжан көтерілісінің” бейнекамераға жазылған таспасын да қолға түсірген.

Б.Бободжонов Акрам Юлдошевпен жалғыз өзі жүздескен және оның айтуынша, өткен жылдың қараша айында онымен 30 минуттай сөйлескен. Бободжоновтың сөзіне сәйкес, “Әндіжан қырғынынан” 1.5 айдай бұрын, 2005-інші жылдың наурызында жазылған эссенің түпнұсқа екенін Юлдошевтың тікелей өзі растаған. Юлдошевтің айтуына қарағанда, бұл эсседе “Акрамия” езушілер мен “кәпірлерге” қарсы Жиһад соғысына дайындалу үстінде көрінеді.

“Бұл түсініктемеде, құранның сүрелері мен аяттарын сілтей отырып, Жиһадқа деген тікелей үндеу айтылған. Жиһадты Юлдошев қарулы көтеріліс деп түсіндіреді”, - деді Б.Бободжонов.

Бободжоновтың сөзі бойынша, Юлдошев мұсылмандар өлімнен қорықпауға тиіс; “шейт болу – нағыз мұсылманның аңсағаны”; “өлім – “Алланың жолындағы” өлім емес, өзінің Құдайына қайта оралу” деп жазуын жалғастыра берген. Бободжоновпен арадағы әңгімесі барысында Акрам Юлдошев Өзбекстандағы басталуы мүмкін жанжалдың ауқымын тым асыра бағалағанын және өзінің Жиһадқа тым ерте шақырғанын мойындаған көрінеді. Бободжновтың айтуы бойынша, Юлдошев Өзбекстандағы қалыптасқан ахуалды Қырғызстанмен қатар қойған болып шығады.

“Акрамия” үшін көрші Қырғызстандағы оқиғаның нақты үлгі-өнеге болғаны – ол басқа мәселе. Маған Акрам Юлдашевтің өзі айтқандай, оған күкіртті жақса болғаны, айналаның бәрін от жалыны қаптайтындай көрінген”, - дейді Б.Бободжонов.

Бахтиор Бободжоновтың мәлімдеуінше, “Акрамия” өзін баспасөз арқылы зайырлы ұйым ретінде көрсеткісі келеді, бірақ оның үндеулері “діни уағыз” болып қабылданады. Өзбек ғалымының айтуына қарағанда, “Акрамия” халықаралық қоғамның қарсылығы мен зерттеуіне тап болмау үшін өзінің осы діни бағыт-бағдарын байқатпауға тырысады. Бободжонов үкімет күштері жақындап келмей тұрған сәтке дейінгі Әндіжан оқиғасының бейнесюжетін көрсетті. Бір сюжет қала әкімінің кеңсесі алдында тұрған бір топ ерді көрсетті. Бірнешеуі қару ұстаған. Тағы бір топ ер жанар май құйылған шөлмек немесе “Молотов коктейльдерін” жинап жатыр. Бободжоновтың айтуынша, сол күні “Акрамия” мүшелері алаңға қару алып келді де ол “бірінші болып кім оқ атты - әлгі қару ұстаған ерлер ме әлде өзбектің қауіпсіздік күштері ме?” –деген сауал туғызды.

“Жарайды, о жерде милиция да, жауынгерлер де өлтірілген екен. Бірақ оларды екі қасының қақ ортасынан атып өлтірген. Меніңше, олай тек кәсіпқойлар ғана атады”, - деді Б.Бободжонов.

Б.Бободжоновтың сөзіне сәйкес, алғашқыда Акрам Юлдошев - 1990-ыншы жылдары Әндіжанды мекендеген “провинция зиялыларына жан бітіруге қабылеті бардай” көрінді. Ал Бободжоновтың өз пікірінше, Хизб-ут-Таһрирдің ықпалы Парижге дейін жетуі мүмкін. Оның мәлімдеуінше, осы топ өзінің Интернет-парағында өткен қараша айында Париж бен Лион қалаларының шетінде болған бүлікті қолдайтынын білдірді. Өзбекстанда қуғынға ұшыраған Хизб-ут-Таһрир ұйымының өз өкілдерінен түсініктеме алу мүмкін болмады.

AzattyqTV

Ресейдің "тыңшысы"

Kaspersky Lab. дауы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG