АҚШ-та 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі болған лаңкестік шабуылға қатысы бар деп танылған Закария Муссауиді АҚШ соты өмірінің соңына дейін түрмеге кесті. Александрия қаласында болған сотта, айыптаушы жақтың оны өлім жазасына кесуін талап етуіне қарамастан, қазылар соты Муссауиді осындай жазаға кесті. Франция азаматы болып табылатын Закария – басып алған жолаушы ұшағын Ақ үйге соғып жаруға тиіс болған көрінеді. Ақ үйде президент Дж.Буш: “Олар оның өмірін сақтады. Американың бейкүнә азаматтары үшін ештеңе істегісі келмеген Муссауи үшін бұл маңызды нәрсе”, деп бағалады. Судьяның алдында Муссауидің өзі кінәсін мойындамай, “Усама бин Ладинді Құдай сақтайды. Сендер оны ешқашан ұстай алмайсыңдар!” деп мәлімдеді.