Алдымен АҚШ вице-президенті Ричард Чейни зайыбымен бірге Астанадағы президент қонақ үйінде Қазақстанның сауда және өндірістік минстрлігі, «Казкоммерцбанк» өкілдерімен және басқа да кәсіпкерлермен қысқа кездесу өткізді. Содан соң дәл осы ғимаратта Чейни қазақстандық оппозициямен кездесті. АҚШ өкілінің күзет қызметімен қатар ғимаратта Қазақстан президенті Назарбаевтың күзет қызметінің өкілдері көп болды. Ал, АҚШ вице-президенті Ричард Чейнидің жергілікті оппозиция өкілдерімен кездесуі жабық есік жағдайында өтті. Оппозиция жағынан бұл отырысқа «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағалары Болат Әлібов пен Ораз Жандосов, Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин және «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов қатысты. Таңғы сағат 8 жарымда басталған кездесу бір сағатқа созылды.
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, Чейни бұл жолы демократиялық үрдістерге қатысты пікірін білдірмей тек осы үрдістер туралы тыңдауды жөн көріпті. Нағыз дипломат ретінде ол пікір айтудан шектелген болар, дейді оппозиция өкілі.
- Қазақстандағы саяси хал-ахуал жөніндегі мәселені талқылау болды. Біз өзіміз бүгінгі Қазақстандағы экономикалық-саяси жағдай туралы өз пікірлерімізді айттық, - деді Ж.Тұяқбай.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов осы кездесуден қандай үміт алдыңыз деген «Азаттық» радиосының сұрағына былайша жауап берді:
- Демократия - ол біздің ісіміз, қазақстандықтардың ісі. Шетелдіктердің көмегімен демократия жасаймыз деген ағаттық болады. Үмітке келетін болсақ, бұл жолы Чейни мырза көбінесе бізді тыңдады, өз тарапынан көп баға беріп ештеңе айта қойған жоқ. Ол кісіні көбінесе біздің пікіріміз қызықтырып отырды.
Бәйменов осы кездесуде Чейниге президент Назарбаевтың саяси реформаларды жүргізуі қажеттігін және келесі президенттің құзіреті азырақ болу қажет деген пікірін жеткізгенін айтады:
- Мен Чейни мырзаға осы көзқарасымды жеткіздім. Менің пікірімше оқшауланудан гөрі диалог әрдайым тиімді. Экономиканың да тұрақты дамуы үшін, саяси жүйенің әділ бәсекелестікті қолдайтын болуы керек. Менің ойымша бізге қазіргі Польшаның саяси жүйе моделіне бірте-бірте жылжу керек.
Бәйменовтің айтуынша, диалог жүргізе білу керек, саяси пікірталастар жанжалға, елдің бөлінуіне әкеп соқпауы шарт. Демократия дегеніміз, бір секіру емес, біртіндеп жүргізілетін жұмыс, дейді ол. Ал, Коммунистік партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдин болса, АҚШ вице-президенті Ричард Чейни Қазақстанда іс жүзінде ашылған бір демократиялық жол жоқ екендігінен хабардар болды дейді.
- Біз демократиялық жағдайды айттық. Мен өз басым 1992 жылы Америкада болғам. Үлкен Буш ол кезде президент болатын. Сондағы әңгімелердің басы осы күнге дейін аяқталмай келе жатыр. Ешқандай іс жүзінде ашылған демократиялық бір жол жоқ. Ол кездегі демократиямыз бұл кездегіден де тәуір еді деген пікір айттым. Ол енді қазір жақсы болды, ол заман болды, деп ештеме деген жоқ. Бірақ, біздің мемлекетіміз демократиялық жолды қолдайтын мемлекет, АҚШ-тың жұмысының бір өзегі осы болғандықтан аралап жүрміз, кезігіп жүрміз, деді де қойды. Уәде ешқандай берілген жоқ, - деді С.Әбділдин.
АҚШ вице-президенті Ричард Чейни сенбі күні Қазақстанға ресми сапарын аяқтап, елден ұшып кетті.