Астанадан хабарланғанындай, АҚШ вице-президенті Дик Чейни бүгін өзінің Қазақстандағы 2 күндік сапарын аяқтар алдында осы елдің оппозиция жетекшілерімен кездесті. Артынша жолға шыққан Дик Чейни Хорватияға келді. Ол Дубровник қаласында НАТО-ға мүшеліктен үміткер Балқан елдері жетекшілерімен кездеспек. Сондай-ақ, бүгін Чейни Хорватия президенті Месич, бас министрі Санадермен кездесті. Ал жексенбіде Македония және Албания үкімет басыларымен кездесіп, Солтүстік Атлантикалық одақ жөнінде әңгімелспек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Алексейге бостандық"
Владивостоктан Мәскеуге дейін. Ресейде Навальныйды босатуды талап еткен митингілер өтті
AzattyqTV