Accessibility links

Ресеймен арадағы қарым-қатынасының нашарлаған Грузия Еурооодақпен жақындасуға ұмтылады


ТБИЛИСИ. Тбилисиде сапарда жүрген Хорватия президенті Стипе Месичпен бірге кеше өткізген баспасөз-маслихатында грузин президенті М.Саакашвили: “Грузия Еуропадағы серіктестерімен арадағы ынтымақтастығын кеңейтетінін Ресейдің саяси лидерлері білуге тиіс”, - деп ескертті. Оның айтуынша, Батыс демократиясы Ресейден қысым көріп жатқан Грузияны жалғыз қалдырмайды. Грузия мен Ресейдің арасы таяуда күрт суыды. Кеше Тбилисиде Грузия мен Украина өкілдері Грузияның Тәуелсіз мемлекеттердің достастығынан шығуы мүмкіндігін талқылады. М.Саакашвили ТМД-ны берекесіз құрылым деп бағалап, Грузияның одан шығуы мүмкін деп талай рет мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG