Accessibility links

Италия үкіметі жаңа президент сайланғаннан кейін ғана жасақталуға тиіс


РИМ. Бүгін Италия парламенті мандаты аяқталған Карло Чампидің орнына жаңа президентті сайлауға тиіс. Италиядағы солшыл-центристердің міндетіне енді кірісетін премьер-министрі Романо Проди бұл лауазымға бұрынғы коммунист әрі парламенттің төменгі палатасының бұрынғы төрағасы, 80-жастағы Джорджио Наполитаноны ұсынды. Егер парламенттегі оңшыл-центристердің блогі оны қолдамайтын болса, онда жаңа президентті сайлау көп күнге созылуы мүмкін. Оңшыл-центристер Р.Продидің ұсынған алғашқы үміткеріне қарсы дауыс берген болатын. Р.Проди президент сайланғаннан кейін ғана үкіметті жасақтай алады.
XS
SM
MD
LG