Accessibility links

2006 жылы Астана әкімі екінші жүние жүзілік соғыс ардагерлеріне 15 пәтердің кілтін табыс етті


2006 жылы Астана әкімі екінші жүние жүзілік соғыс ардагерлеріне 15 пәтердің кілтін табыс етті. Бұл туралы Астанада 9 мамыр күні Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Жанаев хабарлады. Бірақ, Кеңес одағының екінші жүние жүзілік соғыстағы жеңіс мерейтойына жиналған ардагерлердің кейбіреуі жеңілдіктердің аздығына наразы екендіктерін жасырмайды.

Астанадағы Отан қорғаушылар ескертікішінің алдында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні ардагерлер үшін дастархан жайылып мерекелік концерт өткізілді. Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Жанаевтың айтуынша қазір ардагерлерге көп жағдай жасалады:

- 2006 жылы Астана әкімі екінші жүние жүзілік соғыс ардагерлеріне 15 пәтердің кілтін табыс етті.

Бірақ, бұл пікірмен келіспейтіндер бар. Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер саны күн өткен сайын азайып барады. Сондықтан бізге құрмет көрсетілсе жақсы болар еді, дейді кейбір ардагерлер. Ал, ресми мәлімет бойынша соғыс ардагерлі басқа зейнеткерлерге қарағанда зейнетақыны көбірек алады. Бірақ, бұл қаржы бәріне бірдей төленбейді деген мәлімет бар. Кейбір ардагерлерге 30 доллар кейбіреуіне 5 доллар берілетіндігі белгілі, дейді «Поколение» қозғалысының төрайымы Ирина Савостина. Екінші жүние жүзілік соғыс ардагері ұлты башқұрт Кафия Айсина соғыс кезінде тылда еңбек етіп 5 медаль алған. Бірақ, қазір сол еңбегіме рахмет айтпайды, дейді ол. Өйткені қартайған шағымызда 38 жыл еңбек өтіліміне қарамастан жеңілдіктер жоқ, дейді ол. Қазір тек дәрімен өмір сүресіз, ал оған жеңілдік жоқ, дейді еңбек ардагері Кафия Айсина.

Екінші жүние жүзілік соғыс ардагері Василий Осачев керісінше барлығына ризамын дейді, Астанадан бір бөлмелі пәтер берді, коммуналды төлем жоқ, оның сыртында емдеу тегін, дейді ол.

Ал, осы соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген еңбек ардагерлері бәрібір бұл ақшаның жеткіліксіз екендігін айтып отыр. Өйткені бұған дейін ардагерлерге арналған жеңілдіктері мол арнайы дүкендер болатын. Ардагерлердің кездесулеріне Минск пен Мәскеу қалаларына дейін жетуіне жол ақылары төленетін, қазір жағдай өзгеше деген пікір айтылады. Екінші жүние жүзілік соғыстың еңбек ардагері Бәтима Нүрпейісованың айтуыншада қазіргі ардагерлердің зейнетақысы аздау:

- Зейнетақымыз аздау

Ал, Ауған соғысының ардагері Арнайы әскер департаментінің бастығы генерал Муслим Даировтың айтуынша көмек жетпеген ардагерлерге күтуге тура келеді:

- Енді көмек көрсетіліп жатырғой, күте тұру керек.

Екінші жүние жүзілік соғыс ардагері Шайкен Жүнүсовтың айтуынша қазіргі жеңілдіктер жеткілікті:

- Жол ақысын береді, енді одан артық не керек.

Ресми мәлімет бойынша қазір Астанада 800-ден астам ардагер бар, олардың 250-ден астамы мүгедектер. Және олардың барлығын біз ұмытпаймыз, дейді Астана әкімшілігінің өкілдері.
XS
SM
MD
LG