Accessibility links

Баспасөзге шолу. 05.12.2006 жыл


Жұма күнгі баспасөзде Байқоңыр ғарыш-қалашығы тұрғындарының тағдырына қатысты мақалалар басылды. Ал экономика саласында журналистерді «Қазақстанның «Баку-Жейхан» мұнай жобасынан тыс қалуы мүмкін бе?» деген сұрақ мазалайды.

«Байқоңырда Қазақстан азаматтарының құқығы сақталмай отыр» атты бағанамен басталатын мақала «Караван» газетінде басылды. Жұмыс сапармен ғарыш-қалашыққа барған Адам құқығы жөніндегі өкіл Болат Байқадамовтың айтуынша, Байқоғырдағы ең күрделі мәселе сот ісін жүргізуге қатысты болып отыр. «Байқоңырдағы Қазақстан азаматтары сот билігі ресей әскери гарнизондық сотының құзырында болуын өз құқықтарының бұзылуы деп есептейді. 1997 жылы аталған мекеме екі Қазақстан азаматын соттаса, 2005 жылы олардың саны сексен екіге артқан. Бұл Конституцияға қайшы» делінген мақалада. Байқадамовтың пікірінше, «Байқоңыр» айлағына қатысты халықаралық актілерде қарама-қайшылық бар. Жалға беру келісімі қазақстан азаматтарының конституциялық құқығын Қазақстан соты мен прокуратурасы қамтамасыз ететіндігі айтылады. Ал құқыққорғау органдары Келісімінде құқықбұзушылық туралы істі тек ресей органдары қарайтындығы жазылған. «Темір торда отырғандардың жағдайы өте нашар қалде. Оқшаулау орындары халықаралық талаптарғай сай емес: бөлмелер қапырық, бетонды еденге ештеңе төселмеген. Терезелер көп жерге орнатылмаған, барының өзі саңылаудай ғана. Таза ауада тыныстау уақыты тәулігіне 30 минуттан аспайды. Тазалық тәртібі сын көтермейді» делінген мақалада. Байқадамовтың айтуынша, байқоңырлықтарды зейнетақы мәселесі де мазалайды. Қазақстандық байқоңырлықтар ресейдің зейнетақысын алады. Ал басқа жерге көше қалғанда немесе жалға беру келісімі біткен соң оларға қазақстанның ең төменгі зейнетақысы қарастырылған. Жергілікті газеттерде басылған жарнамалар жұмысқа тек Ресей азаматтарын шақыратындығы, тұрғындардың пікірінше, еңбек құқығының бұзылғандығын айғақтайды. Ал орта мектептерде Біртұтас ұлттық тестінің басты пәні - Қазақстан тарихы оқытылмайды. Бұл білім алу құқығының шектелуі» деп жазады «Караван» газеті.

Ал «Егемен Қазақстан» газетінде сенатор Тастай Симамбаевтің «Енді Байқоңырдан ұшу қауіпсіз» атты мақаласы басылды. «1999 жылы улылығы жоғары отынмен ұшатын екі зымыран атапқа ұшырап, оның қалдықтары Қазақстан жеріне құлады. «Байқоңыр» кешені юойынша қазіргі кезде қолданылып жүрген екіжақты құқықтық шарт негіздері, өкінішке қарай, апат зардаптарын жою мәселесін реттемейді» деп жазады депутат. Жақында Парламенттің жоғарғы палатасы «Байқоңырда» апат болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы» үкіметаралық келісімді мақұлдады. Осы құжаттармен зиянды өтеуге байланысты шығындар Ресей жағына жүктелетін болады» делінген мақалада.

Алғашқы белорус спутнигі «Байқоңыр» ғарыш айлағында мамыр айында ұшырылатын болды, деп жазады «Панорама» газеті. «БелКа» деп аталатын бұл ғарыш аппаратын ұшыру жобасының құны 8-10 млн доллар. Спутниктен алынған мәліметтер шаруашылық қажетіне, ауа-райын болжауға және жер бедерін жасауға пайдаланылатын болады. Бұл уақытта Қазақстан Үкіметі екінші «КазСат» ғарыш аппаратын дайындауға тендер жариялағандығын хабарлады. «Егемен Қазақстан» газетіне басылған ақпаратта «бұл спутниктің мақсаты – Каспий теңізінің Қазақстандық секторын зерттеу» екендігі айтылады.

Каспий теңізінің қара мұнайын өткізуге арналған «Баку-Жейхан» жобасынан Қазақстан тыс қалуы мүмкін бе? деген сұрақ төңірегінде өрбитін мақала «Новое поколение» газетінде басылды. Бакуде өткен экономикалық саммитте Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбырынан қазақстан шикізаты емес, кавказ көмірсутегі айдалатындығы туралы күтпеген мәлімдеме жасады. «2008 жылы құбырдан тек Әзірбайжан мұнайы ағады. Оған шетелдік, атап айтқанда Қазақстандық мұнай қосылмайды» деген Ильхам Әлиев. Сөз болып отырған жобаның жүзеге асуына Каспий аумағындағы елдер ғана емес, Еуропа мен АҚШ та мүдделі болып отыр. Қазақстанның бұл жобаға қосулы мәселесінің түпкілікті шешілмегендігіне осымен үшінші жыл» деп жазады «Новое поколение» газеті. Бакудегі саммитке Қазақстан атынан қатысқан Даниял Ахметов құбырға қатысты оң шешімнің жыл ортасына дейін қабылданып қалар деген үмітте. Мамандардың пікірінше, мұнай мәселесінде Қазақстан мен Әзірбайжан арасында айтарлықтай қайшылық жоқ, бұл әңгіменің астарынан тасымал тарифі туралы тартысты аңғаруға болады. Баку-Жейхан құбырына тек әзірбайжан мұнайы құйылады деген артық айтқандық болар. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара мұнай осы құбырға қосылып жатыр. Бұл жердегі әңгіме Ақтаудан Бакуге дейін танкермен тасылып, әрі қарай Иранға тікелей ағылатын Теңіз мұнайы туралы әңгіме болып отыр» деп жазады «Новое поколение» газеті.

Бұл уақытта «Қазақстан Каспий қайраңы арқылы өтетін Ақтау-Баку газ құбырын салуды ұсынып отыр» деп жазады «Панорама» газеті. Мұндай ұсынысты Үкімет басшысы Д. Ахметов Бакудегі саммит барысында айтқан. Қазақстан жыл соңына дейін ашылғалы отырған Баку-Тбилиси-Эрзурум құбыры арқылы өзінің газын тасымалдауға мүдделілік танып отыр. Аталған магистраль жылына 20 миллиард текше метр көгілдір отын тасымалдай алады» делінген бұл мақалада.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG