Accessibility links

Қырғыз-Тәжік шекарасына шабуыл жасалып, 5 кісі қаза болды


Бүгін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы кеден бекетінде қауіпсіздік күштерінің қарулы топпен қақтығысы болғанда бес адам қаза тапты. Қырғыз бен тәжік ресмилерінің хабарына қарағанда, қаруланған жеті адам Тәжік шекарасына шабуыл жасап, қару жарақтары мен көліктерін қырғызстанның Баткен аймағына әкеткен. Тәжікстанның Ішкі істер министрі Қудойназар Ассозадех «Азаттық» радиосының Тәжік қызметіне, Қырғыз аймағынан шабуыл жасаған қарулы топ екі тәжік шекарашысын өлтірді деп хабарлады:

“Алты адамнан көп қаруланған белгісіз топ Тәжікстанның Соғд ауылыныдағы Исфара бекетіне қырғыз шекарасынан шабуылдады. Олар екі шекарашыны атып, 19 автомат қаруын және бір пулеметті алып, Қырғызстанның Баткен аймағына кетті” деп хабарлаған.

Оның айтуынша, сондай-ақ, қарулы топ жүргізушіні өлтіріп, оның көлігін деп алып кеткен.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG