Қазақстанның индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің айтуынша ескі машиналардың кеден төлемдері олардың ұсталған жылдарына байланысты болады. Ал, жаңа және екі жыл болған көліктерге әзірге не бәрі 10 пайыз төлем салынады. Мұндай жеңілдік еш елде жоқ, дейді министр. Ал, 7 жылға дейін ұсталған көліктерге болжам бойынша автоқозғағыш көлемінің әр текше метріне 1 жарым немесе 2 еуро төлеу қажет болады. Оданда ескі көлікке 2 жарым еуро талап етіледі, дейді ол. Астаналық такси жүргізушісі Қанат Шәріпұлы бұған қарсымын дейді. Ол ескі көлігін сатып сәл жаңарағын аламын деп жоспарлап жүрген адам. Бірақ, кеден төлемдері ұлғаятын болса бұл арманым орындалмайтын шығар, дейді Қанат Шәріпұлы:
- Онда машина қалтамызға шақ келмейді. Қазір жұмыс істеп тұрақты мың доллар алып жүрген орташа адамдар жоқ. Ол, менің ойымша, ірі фирмалардың қызығушылығына жасалып жатқан лобби немесе Ресейдің жаңа машиналарын көбірек сатады. Енді аладығой жұрт, мүмкін несиеге алар. Бізде өзімізде машина жасайтын зауыт жоқ, оған неге кеден төлемін көтереді. Көп адам осы машинамен күн көреді. Егер алғызбаса, онда осы ескі машина біткенше жүреміз.
Ал, машина сататын делдалдардың бірі «Алма моторс» компаниясының маманы Марина Ляхованың пікірінше, кеден салығы ұлғаятын болса, барлық автомобильдердің құны қымбаттап сала береді.
Ал, Министр Школьниктің айтуынша бұл шараларды енгізу қажеттігі жол апаттарына, экологиялық қауіпсіздікке және Еуроодақпен ТМД елдеріндегі осыған ұқсас шараларға байланысты туындаған. Школьниктің мәліметінше Еуропада 7 жылдан асқан көліктерді қолдануға тыйым салынған. Ал, Украинада автоқозғағыш көлемінің әр текше метріне 4 жарым еуро төлеу талап етіледі. Министрдің пікірінше, осы шаралардан кейін автомашиналар паркінің жаңаруына үстеме болады, жолдардағы апаттар азаяды және экологиялық қауіпсіздік деңгейі көтеріледі. Астаналық такси жүргізушісі Есіркеп Айбарұлы бұл ұсынысты қолдап отыр:
- Еуропаға алыс шығар әлі білмеймін, бірақ, тырысу керек. Енді шышындада ластану болып жатыр қазір атмосферада. Енді ескі машиналар көбірек шығаратын шығар газды, оны қабылдаймын. Ал, апат жағына тез жүретіндер кінәлі, солар көбінесе апат жасайтындар.
Ал, Астаналық такси жүргізушісі Қанат Шәріпұлының айтуынша экологиялық қауіпсіздікті арттыру деген мақсаттыңда орындалатыны екі талай:
- Экология болғанда бәрібір ескі машинаны алып келеді. Жұрттың 60-70 пайызында жаңа машина алатын ақшасы жоқ. Мысалы менің машинамның қозғағышының көлемі 2,3 текше метр. Сонда құр кеден төлемі 4600 болады, ал, машинаның құны 4 мың доллар, оған алып келген адамға пайда көру керек мың доллар, сонда ол машина 10 мың доллар болады. Ал, жаңа машина 30 мың доллар.
Ал, министр Школьник келтірген мәліметке сәйкес, ескі көліктердің кесірінен кейбір қалалардағы зиянды газдардың 80 пайызы машиналардан шығады. Олардың қатарында Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкент бар. Қазір республикада 1 жарым миллион жеңіл машина бар және олардың саны жыл сайын 10-14 пайызға өсіп келеді. Министр Школьник оңай салыстыруға келетін мәлімет келтірді. Өткен жылы Қазақстанға 36 мың жаңа және 200 мың ұсталған жеңіл көлік енгізілген.