МИНСК. Бүгін Беларусьтің сыртқы істер министрлігі АҚШ президентінің беларусь басшыларының Америкаға келуіне тыйым салған шешіміне “мұндай шара екі жақты қатынасқа жақсы әсер етпейді” және “ешқандай нәтиже бермейді” деп жауап қайтарды. Кеше президент Дж.Буш Беларусь басшылығының АҚШ-қа келуіне тыйым салды. Дж.Буш мұндай шешімін наурыз айында Беларусьте болып өткен президент сайлауы барысында демократия ережелерінің өрескел бұзылуымен, адам құқықтарының аяққа тапталуымен және осы елдегі жемқорлықтың кең етек жаюымен байланыстырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты