ПОДГОРИЦА. Черногориядағы тәуелсіздік алу мәселесі бойынша өтіп жатқан бүгінгі референдумның барысында сайлаушылар аса белсенді дауыс беру үстінде. Батыс ақпарат агенттіктерінің тілшілері дауыс берушілердің ұзын кезекке тұрып жатқанын хабарлайды. Черногорияның Сербиядан бөлініп тәуелсіздік алуы үшін оны сайлаушылардың кемінде 55 пайызы қолдап дауыс беруге тиіс. Черногория халқының 1/3-ін құрайтын сербтер тәуелсіздікке қарсы дауыс беретін сияқты. Референдумды Еуропа Одағының 22 елі мен халықаралық ұйымдардан 3.5 мыңға жуық өкіл бақылайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?