Accessibility links

Британ премьері ұлттық үкіметі енді ғана жасақталған Ираққа бірінші болып келді


БАҒДАД: Британ премьер-министрі Тони Блэр Ирақтың сенбі күні ғана жасақталған жаңа бірлігі үкіметін қолдайтынын білдіру үшін Бағдадқа келді. Блэр – ұлт бірлігі үкіметі жасақталған Ираққа аяқ басқан бірінші Батыс лидері. Осы сапарының барысында ол Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен, үкімет мүшелерімен, сондай-ақ АҚШ және британ әскерлерінің қолбасшыларымен кездесуге тиіс. Кеше жаңа үкіметтің бірінші мәжілісін өткізген Нұри Әл-Мәлики елдегі қантөгісті ауыздықтауға бар күшін жұмылдыруға уәде берді. Өз үкіметінің ең басты мақсаты ретінде ол елдің қауіпсіздігі мен саяси тұрақтылығын қалпына келтіруді атап көрсетті. Ирақ үкіметі Бағдадтағы қоғамдық тәртіпті күзету үшін арнаулы бөлімдер құрмақшы.
XS
SM
MD
LG