Accessibility links

Ресми Берлин Бежиннен Иранға қарсы жаза қолдануға келісуін өтінбекші


БЕЖИН. “Иранның ядролық қаруы болмауға тиіс” дегенге Германия мен Қытай келіседі. Қытай премьері Вэнь Цзябаомен Бежиндегі келіссөзінен кейін неміс канцлері Ангела Меркель осылай деп мәлімеді. Қытай төрағасы Ху Цзиньтаомен жүздесуі барысында Меркель ханым ресми Бежинді Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі саяси дағдарысты шешуге белсенді атсалысуға шақырмақшы. Егер Теһран өзінің ядролық ізденістерін жалғастырса, оған қарсы жаза қолдануға БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты екі мүшесі – Ресей мен Қытай келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG