Accessibility links

Югославиядан қалған ең ақырғы одақ – Сербия мен Черногория одағы ыдырады


ПОДГОРИЦА. Черногориядағы кеше болып өткен референдумның бастапқы қорытындысына сәйкес, дауыс бергендердің шамамен 55,5 пайызы елдің тәуелсіздік алуын қолдаған болса, 44,6 пайызы – республиканың Сербиямен арадағы одақ құрамында қалғанын қолдаған. Ол жайында бүгін Черногорияның Сайлау комиссиясы хабарлады. Бірақ, комиссияның атап көрсетуінше, 45 сайлау учаскесінде дауыс берген 25 мыңдай сайлаушының бюллетеньдері әлі есептелу үстінде. Референдумға барлық сайлаушының 86 пайыздан көбі қатысты. “Референдум туралы” заңға сәйкес, бұл заңды Еуропа Одағы мойындайды, Черногорияның тәуелсіздігін алуы үшін оны сайлаушылардың кем дегенде 55 пайызы қолдауға тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG