Accessibility links

“Пальманың алтын бұтағы” – “Аршагүлді шайқаған жел” фильмінің үлесіне тиді


КАНН. Кеше Канн кинофестивалі аяқталды. Кинофорумның бас жүлдесі – “Пальманың алтын бұтағына” – британ режиссері Кен Лоучтың “Аршагүлді шайқаған жел” атты фильмі ие болды. Фестивальдің Гран-при жүлдесін француз режиссері Брюно Дюмонның “Фландрия” көркем фильмі жеңіп алды. Мексикалық Алехандро Гонсалес Инаретта – “үздік режиссер”, испаниялық режиссер Педро Альмодовардың “Оралу” фильміндегі әйелдердің ұжымы - “үздік әйел рөлі” жүлдесін, Альмодовардың өзі “ең үздік сценарий” жүлдесін алды.
XS
SM
MD
LG