Accessibility links

Зілзала болған арал халқына азық-түлік, дәрі-дәрмек және шатырлар жетпей жатыр


БАНТУЛ. Индонезияның Ява аралындағы зілзала құрбандарының саны 4600-ден асып, үкімет елге “төтенше жағдай” орнатты. Индонезияның вице-президенті Жусуп Калланың мәлімдеуінше, “төтенше жағдай” 3 айға созылып, үкімет жапа шеккен аймақты 1 жылда қалпына келтіруге тырысады. Алайда қазір азық-түлік пен ас су және шатырлар жетпей, халықаралық ұйымдар мен әлем елдері Ява аралына азық-түлік пен миллиондаған доллар көмек бөліп, дәрігерлер мен құтқарушыларын жолдауға міндеттенді. Йогаякарта қаласындағы аурухананың дәрігері Будидің айтуынша, “дәл қазір ең қажетті нәрсе – дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық болып тұр” және “талай адам жарақат алып, мол есірткі дәрісі мен антибиотик қажет”.
XS
SM
MD
LG