Accessibility links

Австралия Шығыс Тимордағы жағдайды реттеуге өз полициясын жібермекші


Австралияның Қорғаныс министрі Брендан Нелсон өз елінің 50 полиция қызметкерін Шығыс Тимор астанасы Дили көшесіндегі тәртіпсіздіктерді реттеуге көмектесу үшін жолдайтынын айтты. Әскери сарбаздардың толқуы үкіметке қарсы жаппай наразылық шеруіне айналып кетті. Олар 2002 жылы тәуелсіздік алған Шығыс Тимор үкіметін әлеуметтік және экономикалық реформалар жүргізе алмай, елдің дамуында прогрес жасай алмай отыр деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG