Accessibility links

Әзірбайжан өзінің газын Еуропа елдеріне сатуды көздейді


ПАРИЖ. Францияда сапарда жүрген Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиев әзірбайжан газын Еуропаға тасымалдау мүмкіндігін талқылауға тиіс. Кеше журналистердің алдында сөйлеген сөзінде И.Әлиев, тұтынатын газының 20 пайызын Ресейден сатып алатын Еуропа елдері көгілдір отынның балама көздерін қарастырып жатқанын атап көрсетті. «Еуропаға қажетті газды, - деп мәлімдеді И.Әлиев, - Каспий жағалауындағы елдер, оның ішінде Әзірбайжан ұсына алады. Бірақ ол үшін қосымша инвестиция мен газ өндірісінің көлемін ұлғайту қажет». Міне осы мәселені И.Әлиев француз президентімен талдайды.
XS
SM
MD
LG