Accessibility links

Жер сілкінісінен 5400-ден көп адам қырылып, 200 мыңнан көп халық баспанасыз қалды


ЖЕНЕВА. Дүние жүзі елдері Индонезияның Ява аралындағы жер сілкінісінен жапа шеккен 10-даған мың халыққа арналған түрлі көмегін жолдап жатыр. Кеше Женева қаласында БҰҰ-ы мен Халықаралық Қызыл крест ұйымы жан-жақтан ағылған көмекті бір ізге салу мүмкіндігін талдады. Ява тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен дәрігерлер, сондай-ақ техникалық мамандар шұғыл қажет болып отыр. Сенбі күнгі жер сілкінісінен 5.400-ден астам халық қырылып, мыңдаған халық түрлі жарақат алды және 200 мыңнан астам халық баспанасыз қалды.
XS
SM
MD
LG