БАҒДАД. Ирақ премьер-министрі Нури Әл-Мәлики өткен жылдың қараша айында Әл-Хадита қаласындағы 24 бейбіт тұрғынның қазасына АҚШ жауынгерлерінің қатысы болғанын тергеуге нұсқау берді. Рейтер агенттігіне берген сұхбатында Әл-Мәлики: “кездейсоқ жайттың да шегі болады”, деп атап көрсетті. “АҚШ-тың әскери теңізшілері Әл-Хадита қаласындағы бір отбасын түгел атып кетіпті” деген хабарды АҚШ армиясының басшылығы да тергеу үстінде. Ресми Вашингтон тергеудің нәтижесін жариялауға уәде беріп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?