Қырғызстанның әскери әуе базасын АҚШ-тың жалға алуына байланысты Бішкекте өткен екі жақты келіссөз нәтижесіз аяқталды. Қырғызстан Сыртқы істер министрі Әлікбек Жекшенкулов “Азаттық” радиосына берген сұбатында АҚШ делегациясы кеңесу үшін жұма күні Вашингтонға қайтады деді. Ганси әуе базасына қатысты келіссөз сәрсенбі күні басталған болатын. Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиев АҚШ-тан Ганси әуе базасының жалдық ақшасын 100-есеге көбейтуді талап етіп, егер 1-інші маусымға дейін ешқандай келісімге келмеген жағдайда, АҚШ күштерін елден шығаратынын мәлімдеген еді. Бірақ соңынан Бәкиевтің кеңсесі келіссөз белгіленген күннен кейін де өте береді деп шешім шығарды. Пентагон Ганси әуе базасын көрші Ауғанстандағы соғыс операциялары үшін пайдаланып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес