ТЕҺРАН. Бүгін Иранның рухани лидері Әли Хаменей егер елге АҚШ соққы беретін болса, Парсы шығанағындағы мұнай тасымалына қатер төнетінін мәлімдеді. “Егер АҚШ Иранға қатысты қате әрекет жасайтын болса, осы аймақтан тасымалданатын мұнайға айтарлықтай қатер төнетінін АҚШ білуге тиіс”, -деп мәлімдеді аятолла. Бұл сөзін Хаменей Иран төңкерісінің рухани дем берушісі аятолла Хомейнидің қайтыс болуының 17 жылдығына арналған рәсімде естіртті. Хаменейдің айтуынша, АҚШ стартегиялық Хормуз бұғазынан өтетін мұнай танкерлерін қорғай алмайды. Көп ұзамай, бүгін "Fox News" телеарнасына берген сұхбатында, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс мұнай экспортынан түсетін табысқа қатты байланып отырған Иранның не мұнай өндірісіне, не оның тасымалына қатер төндіретін шамасы жоқ деп мәлімдеді. Ал Иран президенті М.Ахмадинеджад елдің ядролық бағдарламасына қатысты Батыстың жаңа ұсынысын қарауға дайын екенін атап көрсетті.
Мұнай экспортына қатты байланған Иран Парсы шығанағындағы мұнай тасымалына бөгет қоя ала ма?
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?