Accessibility links

Хамас референдум өткізуге қарсы


Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас Израилмен қатарласқан Палестина мемлекеті туралы референдум өткізуге Хамас бастаған үкіметтің қарсылық танытып отырғандығын хабарлады. Аббас қол қойған жарлыққа сәйкес референдум шілденің 26-ына белгіленген. Палестина үкіметінің басшысы, Хамас жетекшісі Исмаил Хание Махмұд Аббаспен кездесіп, мұндай референдумның қауіпті екендігін талқылады. Жүргізілген сауалнамаға қарағанда, референдумда Аббас жеңіске жетуі мүмкін. Бұдан сәл ертерек Хамас Израилмен арадағы бір жарым жылға созылған бітімгершілікті бұзып, Израил тарабын зымыранмен атқылаған, зардап шеккендер болған жоқ деп хабарланды. Бұл шабуыл жұма күні Израил атқан зымыраннан жеті адам опат болғаннан кейін жасалды.
XS
SM
MD
LG