Гуантанамода лаңкестікке қатысты күдікпен қамауда ұсталып отырғандардың үшеуі өз камераларында өлі күйлерінде табылған. АҚШ әскери басшылығының хабарлауынша, олар өздерін-өздері өлтірген, екеуі Сауд Арабиясының, біреуі Йеменнің азаматтары болған. Бұл Гуантанама базасы ашылған 2002 жылдан бері бірінші рет орын алып отырған мұндай оқиға деп хабарланды. Әскери түрмеде Әл-Қаида мен Талибан күрескерлері деп күдіктелген 500-ге тарта тұтқын бар.