Accessibility links

Палестиналық Хамас ұйымы 18 ай бұрын жасалған келісімді бұзып, Израилға зымыран соққысын берді


Израиль Газадағы жағажайға зеңбірек шабуылын жасап ондаған адамды өлтіргеннен кейін, Хамастық жауынгерлер өз кезегінде Израилға зымыран соққысын бере бастады. Газа жолағындағы шеру кезінде Хамастық өкіл Абу Зұхри жұма күнгі қырғыннан кейін қалайша қарап тұрамыз деді.

– Бұл шеру Палестина халқының ашу-ызасын, өз құқығы үшін күресін көрсетеді, - деді Хамастық өкіл.

Ал бүгін Палестина президенті Махмұд Аббас Палестин мемлекетінің егемендігі жөнінде референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Ол жарлыққа орай, Батыс жағалаудағы Рамалла қаласында шілденің 26-сында Палестин халқының референдумы өтпек.
XS
SM
MD
LG