Accessibility links

Қырғызстан Өзбекстанның 4 азаматына босқын мәртебесін әзірше бермеді


Бүгін Қырғызстанның Жоғарғы соты Өзбекстан азаматы Расулжон Пирматовқа босқын мәртебесін берілуін жоққа шығарды. Пирматов - Әндіжандағы қанды оқиғалардан кейін Қырғызстанға босып кетіп, осы елде қамауда ұсталып отырған төрт өзбекстандық азаматтың бірі. Ал бұдан бұрын Қырғыз соты қалған үш өзбек азаматына қатысты осындай шешім шығарған болатын. Өзбек билігі әлгі төрт кісінің экстрадициялануын талап еткен еді. Ал БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі олардың төртеуіне де босқын мәртебесін берді.
XS
SM
MD
LG