КИШИНЭУ. Молдовадан бөлінген сепаратистік Днестр жағалауы республикасы тыңшылықпен айналысты деген айыппен 5 молдован полицейін ұстады. Молдова полициясы “тыңшылықпен айналысты” деген айыпты “санаға қонбайтын нәрсе” деп бағалап, Молдованың Ішкі істер министрі Георге Папук полицейлердің ұсталуын “арандатушылық” деп сипаттады. Полицейлердің ұсталуы – Батысқа бет ұстаған Молдова мен мәскеушіл Днестр жағалауы республикасының арасындағы қатынастың тағы да ушыға түскенін аңғартады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV