Парламенттің кезекті сессиясы аяқталар алдында, депутаттар дәстүрлі түрде өткен жылғы бюджеттің атқарылуы жөнінде Үкіметтің есебін тыңдайды. Қазіргі Үкімет басшы Даниял Ахметовтің премьер болып отырғанына үш жыл болса да бірде-бір рет бюджеттің атқарылуы жөнінде депутаттар алдында есеп бермеген. Бұл жолы да әдеттегідей парламентке тек нөкерлері ғана келді. Бірақ бірлескен отырыс бірінші рет «Қазақстан» ұлттық арнасынан тікелей эфир арқылы көрсетілгендіктен депутаттар премьер-министр Даниял Ахметовтің қатысуын талап етіп, жарты сағатқа үзіліс жариялады. Алайда жарты сағаттан кейін Даниял Ахметов парламентке келгенімен ләм-мим деп тіл қатқан жоқ. Депутаттардың Үкімет басшысына қойған сұрақтарына тек Қаржы министрі Наталья Коржова ғана жауап беріп отырды. Осыдан кейін премьер-министрдің келуін талап еткен депутаттардың бірі Рауан Шаекин:
- Үкімет басшысы неге депутаттардың сұрақтарына өзі жауап бермей отыр. Мұны мен елемеушілік деп түсінем. Егер ол жауап бермесе, мен сұрақ қоймаймын, – деп өз наразылығын білдірді.
Сонымен депутатардың пікірлеріне құлақ ассақ, өткен жылдың бюджеті жауапкершіліксіз жұмсалған. Айта кету керек былтырғы жылы президент сайлауының алдында республикалық бюджеттің жалпы шығысы бір триллион теңгеден асқан еді. Сол кезде депутаттар мұны рекордтық көрсеткіш деп бағалаған болатын. Ал енді Мәжіліс депутаты Уалихан Қалижан шикі мұнайдан бюджетке түсу керек қаржының жоғалып кеткенін айтады:
– Үкімет парламенттің келісімінсіз, 2005 жылғы 26-қазандағы қаулысымен шикізат секторының санын сегізге дейін өсіріп, ұлттық қорға 80 млрд. теңгені аударып жіберген. Жаңа тәртіпті енгізуде парламент ескерусіз қалды. 1 млрд. теңге жоғалып отыр.
Министрлік мекемелерден денсаулық сақтау саласы мен еңбек министрлігі қаржыны толық игермеген. Соның салдарынан Қазақстанға оралуға тиіс оралмандар толық көшіп келмеген. Ал бұл кемшілікті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарғұсова ресей өкіметіне артып отыр. Өйткені өткен жылы ресейде тұратын қазақтарға деп бөлген квотаны ресей тарапы қарамаған. Енді Гүлжан Қарағұсова мұны Өзбекстан мен Монғолияға бөліп береміз дейді.
Сонымен бірге депутаттардың сөздеріне құлақ ассақ жүкті әйелдерге тегін дәрі-дәрмек тарату үшін бөлінген қаржы тиімді жұмсалмаған. Мәселен бір Оңтүстік Қазақстан облысының жеті мыңға жуық жүкті әйелі витамин қабылдамаған. Ал бұл мәселеге Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев дәрі-дәрмектерге бөлінетін қаржы жергілікті бюджеттен бөліну керек деп жауап берді. Сол секілді өткен жылы мемлекет қазынасына Ресей мемлекетінен түсу керек қаржылар да түспеген. Ол жөнінде сенатор Қуаныш Айтаханов былай дейді:
– 2005 жылы Ресей Қазақстанның әскери полигондарын пайдаланғаны үшін үш жарым млн. теңге түсу жоспарланған екен. Өткен жылы бір тиын да түспеген. Ал әскери полигондарды пайдалану барысында қаншама еліміз, жеріміз зардап шегіп, былғанып отыр.
Мәжіліс депутаты Серік Әбдрахманов ауылдағы жағдайға назар аударды:
– Жалпы ішкі өнімнің үлес салмағы 2004 жылмен салыстырсақ, 7,4-тен 6,5 пайызға төмендеді. Ал 90-жылдармен салыстырсақ, бұл көрсеткіш бес есе азайған. Ауылды бүгін халқымыздың 43 пайызы тұратынын ескерсек, олардың тыныс-тіршілігі мүшкіл жағдайда десек қате болмас. Тірлік тоқтады деген сөз.
2005 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде қорытынды жасаған Кенжеғали Сағадиев Қазақстан Үкіметінің әлі де шикізат секторларына арқа сүйеп, индустрия саласын дамытпай отырғандығын айтады. Соның салдарынан жұмыс орындары да көбейе қоймаған. Ал мемлекет ақшасының ұрлануы жылдан-жылға өспесе кемімей отыр дейді Кенжеғали Сағадиев:
– Қаржыны заңсыз пайдалану екі есе өсіп, 47 млрд. теңгеге жеткен. Жылдың аяғында 50 жарым млрд.тан астам бюджет қаржысы игерілмей қалды.
Екінші шақырылымда Парламент Мәжілісінің депутаты болған қоғам қайраткері Төлен Тоқтасынов бюджетті қадағалаудың тетіктері жөнінде «Азаттық» радиосына былай дейді:
– Бюджетті қадағалау үшін парламентке бақылау функцияларын беру керек. Кезінде 1990-94 жылдары Парламентте арнайы бюджетті бақылау комиссиясы болаты. Менің ойымша, бүгінгі президентке бағынатын Есеп комитетін тікелей парламентке бағындыратындай ету керек.