Accessibility links

Өзбекстанда тағы екі қоғамдық белсенді сотталды


Вена қаласында орналасқан "Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хельсинки Федерациясы" ұйымы Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушы белсенділер қуғынға ұшырап жатыр, қысым тоқтайтын емес деп алаңдаушылық танытты. "Өзбекстан адам құқықтары қоғамының" Сыр-Дария бөлімшесінің жетекшісі Азам Форманов және Мирзаабад бөлімшесінің жетекшісі Әлишер Қараматов тоғыз жыл түрмеге кесілді. "Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хелесинки Федерациясы" ұйымы олардың тұтқындалуы, қамауда отыруы, сотталуы заңға сәйкес болмады деп сөгіс айтты.
XS
SM
MD
LG