Accessibility links

Израиль қаза болған жауынгерлері үшін палестиналықтарға кек қайтаруға дайын


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль Газа аймағының маңындағы Керем-Шалом атаулы күзет постына шабуыл жасаған палестиналық сарбаздарға кек қайтаратынын мәлімдеді. Израильдің қорғаныс министрі Әмір Перец тұтқынға түскен еврей жауынгерін құтқару үшін қолдан келгеннің барлығы жасалатынын ерекше атап көрсетіп, осындай ескерту жасады. Израильдің күзет постына кеше таң сәріде шабуыл жасалды. Екі жақты шайқаста 3 палестиндік сарбаз бен 2 Израиль жауынгері оққа ұшып, жараланған тағы бір еврей жауынгері тұтқынға алынған көрінеді. Бұл шабуылды “Хамас” тобының әскери қанаты мен “Халық қарсылығының комитеті” өз жауапкершілігіне алып отыр.
XS
SM
MD
LG