Accessibility links

Әлем біріншілігінде украиналықтар алғаш рет ширек финалға жолдама алды


БЕРЛИН. Кеше футболдан Германияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде Италия мен Украина құрамалары ширек финалға шықты. Егер италияндықтар ойынның қосымша берілген уақытының соңғы минутында Аустралия қақпасына 11 метрлік айып добын соғып, 1:0 есебімен жеңіске жетсе, Украина мен Швейцарияның кездесуі әлдеқайда драмалық жағдайда өтіп, ширек финалдың тағдыры 11 метрлік пенальти тебумен шешілді. Украиналықтар 4 пенальтидің үшеуін соғып, 3:0 есебімен басым түсті. Жұма күні Украина құрамасы Италиямен кездеседі.
XS
SM
MD
LG