Accessibility links

Өзбек режимі заңдарды қатаңдатып, шетелдік ұйымдарды жауып жатыр


ТАШКЕНТ. Кеше Өзбекстан президенті И.Кәрімов ұлтаралық және діни жанжал шығарғаны үшін қолданатын жазаны қатаңдату туралы заңға қол қойды. Ташкентте үкімет өкілінің хабарлағанындай, ұлттық немесе діни жанжал туғызатын материалдарды дайындаған, сақтаған және таратқан кісі 3 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Осындай мақсатпен қастандық ұйымдастырды деп айыпталған адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Соңғы кезде Өзбекстанда АҚШ-тың бірнеше үкіметтік емес ұйымынң өкілдігі жабылды.
XS
SM
MD
LG