Accessibility links

Еуроодақ өзін қуат көздерімен жан-жақты қамтамасыз етуге кірісті


БРЮССЕЛЬ. Еуропа Комиссиясы мен Түркия, Болгария, Румыния, Мажарстан және Аустрия өкілдері Орта Азия мен Таяу Шығыстың газын Еуроодаққа тасымалдайтын газ құбырын салу жобасын мақұлдады. Жалпы ұзындығы 3.300 шақырым болатын “Набукко” газ құбыры Еуроодақтың өзін қуат көздерімен жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетінің құрамдас бөлігі. Жыл басында Ресей мен Украинаның арасынан шыққан жанжалдың салдарынан Ресейден келетін газдың қысымы айтарлықтай төмендеген болатын.
XS
SM
MD
LG