Accessibility links

А.Сәрсенбайұлын өлтіруге шынында да тапсырыс берген кім?


ТАЛДЫҚОРҒАН. Белгілі саясаткері әрі оппозиция лидерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлын тапсырыспен өлтірген қылмыстық істі қарап жатқан соттың бүгінгі жалғасында ең басты айыпталушы Ержан Өтембаев өзінің кісі өлтіруге қатысы болғанын түбегейлі жоққа шығарды. Е.Өтембаев Алтынбекті не соққыға жығуға, не тіпті өлтіруге ешқандай тапсырыс бермегенін мәлімдеді. Одан бір күн бұрын Алтынбекті “өз қолымен өлтірді” деп айыпталған Рустам Ибрагимов - өзіне тағылған айыптарға “ешқандай негіз жоқ” деп мәлімдеген еді. Марқұм Алтынбектің туыстары мен үзеңгілестері бұл кісі өлтірудің соңында жоғары лауазымды билік өкілдері тұр деп санайды.
XS
SM
MD
LG