Ресми мәлімет бойынша, оқушылардың үштен бір бөлігіне жуығы білім деңгейінің төмеңгі шегін көрсеткен. Салыстыратын болсақ, өткен жылы бұл шектен қатысушылардың 13 пайызы аса алмай қалған болатын. Бірақ, ол кезде балдарды өте көп жинау қажет болмаған. Яғни, түлектерге қазіргідей қатаң талап қойылмайтын, дейді бақылаушылар. Ұлының нәтижесіне риза болмаған ана - Анар Шаймерденнің айтуынша, мұның себебі біреу:
- Биыл былтырға қарағанда шектік бал деңгейін көтеріп жіберді. Ал, білім сапасын өзгерткен жоқ қазіргі министрлік. Тіпті кітаптар сол күйінде қалды, ата-аналардың риза емес екендігін бәрі біледі. Компьютерлер көбейтілген жоқ. Соның бәрін ойлап қарасақ, біз риза емеспіз.
Астанада өткен сынақтан кейін ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер аппеляциялық комиссияға шағымдар түсірген. Осы комиссия тестілеуден алған балдарына риза болмаған және қателіктер табылған балаларға қайтадан баға қосуға тиіс. Бірақ, балдарына риза болмаған қайсібір мектеп түлектерінің ата-аналары бұл комиссиялар көз алдау үшін құрылған сияқты, дейді. Олардың пікірінше, комиссия мүшелері әділеттікті орнатуды емес, білім министрлігінің абыройын сақтап қалмақшы. Қызының бағасына қанағаттанбаған ана Айнұр Салмурзинаның айтуынша, комиссияның еш пайдасы жоқ:
- Салыстырған кезде олардікі дұрыс, ал, компьютер санаған кезде оған бір-екі балл жетпейді. Соны дәлелдеген кезде, оны қайтадан санамайды мыналар. Оған біз емес, компьютер кінәлі, дейді. Оның кінәсі болмаса, баланың да кінәсі жоқ қой. Мына комиссия не үшін сонда жиналған.
Ал, Аграрлық университеттегі аппеляциялық комиссия төрағасы Қасен Әбдіқалықұлының айтуынша, балдардың қайта есептелетіні екіталай:
- Оны қайта есептей алмаймыз. Өйткені, белгілі баланың өзінің жауап парағында қате болуы мүмкін. Ол өшірілген болуы мүмкін, немесе екі жауапты бірден бояп қоюы мүмкін.
Басқа ата-аналар болса, керісінше бірнеше емтихан тапсырып, басқа қалаларға барып шығындалатынбыз, енді бір жерден бір күнде тест тапсырған тиімді болды, дейді. Әрі олар тест балдарын аппарат есептегендіктен, адам факторы азайып, жемқорлықтың арқасында бағаларды өтірік қою деректері азайған, деген пікірде. Жоғары балл жинаған балалардың ата-аналарыда өткен жылдармен салыстырғанда тестілеу жақсы өтті, деген пікірде. Былтыр тест сұрақтарында бір бірін қайталайтын жауаптар көп болды деген шағымдар айтылған, биыл жағдай біршама түзелген деген пікір бар. Ал, Астана мектебінің түлегі Әселім Асанованың айтуынша, биылғы тестерде ұсақ кемшіліктер көп болған:
- Білім министрлігі сағат 10 да басталады деген. Бірақ, бізге сағат 8-де мектепке кел деді. Түсте 2 кейін бірақ шықтық. Сосын тест жауаптарын 6-да беру керек еді. Олар созып сағат 10 жарымда бірақ берді. Бағанағы тест сұрақтары 40 минуттан соң ғана келді, менің бір сағатым текке кетті.
Ал, тестердің мемлекеттік стандарттау орталығының директоры Тахир Балықпаев биылғы тестілеудегі олқылықтарға былайша түсінктеме берді:
- Мектептің өз әкімшілігі жолға жинап ерте шақыруы мүмкін. Тестің басталу уақыты 10 болғанымен алдында кітап тарату уақыты бар. Бірақ, ол балалардың сұрақ жауап беру уақытына кірмейді.
Осылайша, білім министрлігінің өкілдері болса біздің жұмысымыз жақсарған, деген пікірде. Тестілеу Қазақстанның жүз елуден астам тестілеу пункттерінде өткізілген болатын. Бастапқы кезде оған 160 мыңнан астам адам қатысамыз деп өтініш берген. Бұл барлық түлектердің 86 пайызы. Салыстыратын болсақ өткен жылы бұл көрсеткіш 84 пайыздан әзер асқан. Министрліктің хабарлауынша өте жақсы көрсеткіштерге жетіп 100 балдан асқандар жоқ емес, бірақ, олардың саны барлық қатысушылардың 4 пайызы. Әйтседе, кезекті рет салыстыратын болсақ бұл көрсеткіш өткен жылғыдан артық, дейді біріңғай ұлттық тестілеу қорытындысын шығарған мамандар. Бірақ, сыншылардың айтуынша өткен жылы ең жоғарғы көрсеткіш 120 бал жинаған 43 бала болатын ал биыл олардың саны тек екеу-ақ.